Минскіде Иманғали Тасмағанбетов ҰҚШҰ қызметінің қорытындысы туралы баяндайды

ҰҚШҰ елдерінің басшылары Қазақстан Республикасы төрағалық ететін 2024 жылы ұжым қызметінің негізгі бағыттары қандай болатыны туралы ақпарат тыңдайды

Админ
22/11/2023 - 17:00

Фото: odkb-csto.org

Фото: odkb-csto.org

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов 23 қарашада Минскіде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында ұйым қызметінің қорытындысы туралы баяндама жасайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылап, алдағы міндеттерді айқындайды, сонымен қатар ұжымдық қауіпсіздік мүддесін қамтамасыз ететін бірқатар құжат қабылдайды. ҰҚШҰ елдерінің басшылары ұйымдағы Беларусь төрағалығын қорытындылап, Қазақстан Республикасы төрағалық ететін 2024 жылы ұжым қызметінің негізгі бағыттары қандай болатыны туралы ақпарат тыңдайды.

Бұған дейін хаарлағанымыздай, 23 қараша күні Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91