Павлодарда 31 адам өрттен құтқарылды

22 адам өз бетінше эвакуацияланды

Sarbaz.kz редакторы
21/11/2023 - 23:30

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Павлодар қаласында өрттен 31 адам құтқарылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 20 қараша күні кешкі сағат 21:39-да академик Сәтбаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өтініш беруші кіреберістен түтін шығып жатқанын айтты. Шақыру орнына жедел келген өрт сөндірушілер дереу адамдарды құтқаруға кірісті. Барлау жүргізген кезде бірінші қабатта, 2-екі бөлмелі пәтерінде өрттің ауданы 20 шаршы метрді құрайтынын үй заттары, жиһаз жанғанын анықтады. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен жоғарғы қабаттардан 9 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала Фенистң қалпағын пайдаланып баспалдақпен шығарылды

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршісі пәтер иесін шығарып, 22 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала.

1984 жылы туылған азамат пәтер иесі, күйік алған пәтер иесі алкогольдік мас күйінде 1 қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Қабылданған шұғыл шаралардың арқасында өрт сағат 22:30-да жойылды. Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі төсекте темекі тарту.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02