44 млн теңге иеленген: «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдікті ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
21/11/2023 - 20:16

Фото: newsroom.kz

Фото: newsroom.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен қаланың 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан. Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Компанияларды қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғына «Baiqa, piramida!» Телеграм боты арқылы тексере аласыз.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91