Оқиға 19 шілде күні болған
Батыс Қазақстан облысында артиллериялық снаряд табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, оқиға 19 шілде күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болған.
«Сағат 12.30-да Байқоңыр көшесі, 13 мекенжайында «Отдел Строй» ЖШС маңында 47 жастағы тұрғын жер қазып жатқан мезгілде 2 метр тереңдіктен артиллериялық снаряд тауып алған. Снарядтың диаметрі - 76 мм, ұзындығы - 320 мм. Сағат 15.35-те барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып БҚО ПД саперлары снарядты жойды», - деп хабарлады ведомство.
Полиция департаментінің хабарлауынша, снаряд Азамат соғысы кезінен қалған болып шықты.