Арнайы операция: үш өңірде бопсалаушылар тобы ұсталды

Ұсталғандар қамауға алынды

Sarbaz.kz редакторы
20/11/2023 - 20:16

Алматы облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірлесіп, Алматы және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бопсалаушылар тобын ұстады. Топта 21-46 жас аралығындағы жеті адам болған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша тіркелген. Айта кетейік, биыл 11 наурызда Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінің аумағында жоғарыда аталған топтың қатысушылары шетелдік азаматқа қатысты күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған», – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.

Ұсталғандар қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады», – деді Дулат Қайыр.

×

Редакция

$ 494.95  525.49  5.05