Ауа райы болжамы: елімізде алдағы үш күнде қарлы боран, көктайғақ болады

Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді

Sarbaz.kz редакторы
20/11/2023 - 18:35

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 21-23 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Болжамға сәйкс, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтіледі. Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі.

«Кезеңнің аяғына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12