Газа секторынан елге жеткізілген қазақстандықтардың ұлты кім?

Бұл сұраққа әскери сарапшы жауап берді

Sarbaz.kz редакторы
20/11/2023 - 17:33

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

Газа секторынан елге жеткізілген қазақстандықтардың ұлты кім? Олардың түрі неге қазаққа ұқсамайды? Бұл сұраққа әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Елге келген 100 шақты адам 30-дан аса отбасы болуы мүмкін. Яғни олармен 1-2 баласының бірге еріп келгенін есептегенде. Әрине, олардың ұлты тек қазақ болмауы мүмкін. Бірақ олардың қолында «Қазақстан азаматы» деген құжаттары бар. Олар негізінен кезінде ТМД елдеріне оқу грантымен келген палестиналық азаматтарға тұрмысқа шыққан отандастарымыз тәрізді», - деді Амангелді Құрметұлы.

Оның сөзінше, қазақстандықтар Газадан елге жұбайларымен бірге келмек болған.

«Олар балаларымен бірге келді. Бұл дұрыс. Себебі ана мен баланы ажыратуға болмайды. Бұл біздің ұстанымымызда да, халықаралық конвенцияда да бар. Олар жұбайларымен бірге келуді де көздеген көрінеді. Алайда Мысыр тарапы палестиналық азаматтарды шекарасына өткізуге рұқсат бермеген деседі. Бұл жерде мысырлықтармен келіссөз жүргізіп, отандастарымызды елге әкелуге қызмет еткен қазақстандық дипломатияның да сәтті қадамы екенін айта кету керек», - деп қосты ол.

Айта кетейік, 17 қараша күні Газа секторынан 99 жолаушы Алматыға жеткізілгені әрі оларға уақытша үй-жай берілгені хабарланған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12