Шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға хабарланды
Алматы қаласында орналасқан 202 жатақхана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауына алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 13-17 қараша аралығында республикалық «Жатақхана» жедел-алдын алу шарасын өткізді.
«Рейд барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 350-ден астам бұзушылық анықталды, жатақханаларда жиі кездесетін бұзушылықтар қонақтардың барынша көп санын қоныстандыру мақсатында үй-жайларды қайта жоспарлау, жылытқыштарды, ақаулы электр құрылғыларды, оқшаулауы зақымдалған электр сымдарын пайдаланған», - деп хабарлады департамент.
Заңсыз жұмыс істеп жатқан, оның ішінде қайта жабдықталған жатақханалардың барлық фактілері бойынша шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға хабарланды.
«Естеріңізге сала кетейік, жатақханалардағы өрт қауіпсіздігі бұзушылықтардың барлық фактілері туралы сіз «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлай аласыз немесе e-Otinish порталында жазбаша өтініш беруге болады», - деп атап өтті ведомство.