15 өңірде тұман түседі
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында (Петропавл) жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Ақтөбе облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтітелі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.