Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Үндеу тұңғыш президенттің ресми сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
17/11/2023 - 23:30

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.

Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет», - делінген жазбада.

Айта кетейік, осыған дейін Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07