«Путин президент сайлауында жеңіске жетеді»: Песков бұған күмәні жоқ екенін мәлімдеді

Мұның алдында Дмитрий Песков Владимир Путиннің 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысуы туралы шешімді әлі қабылдамағанын айтқан

Нұрдәулет Кәкіш
17/11/2023 - 20:58

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің қазіргі басшысы Владимир Путин 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысуға шешім қабылдаса, оның жеңісіне күмәнданбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Песков Путин әлі сайлауға түсу ниеті туралы хабарламағанын, бірақ Кремль өкілі президент солай етеді деп үміттенетінін атап өтті.

«Мен оның осындай шешім қабылдайтынына сенгім келеді. Оның сайлауда жеңіске жететініне, әрі қарай да президент болатынына күмәнім жоқ», - деді ол.

Мұның алдында Дмитрий Песков өзін-өзі ұсыну бойынша Владимир Путиннің 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысуы туралы шешімді әлі қабылдамағанын мәлімдеген.

Бұған дейін дереккөздерге сілтеме жасаған «Коммерсантъ» Президент әкімшілігі Путиннің президенттікке кандидатурасын көрнекті қоғам қайраткерлерінің бастамашыл тобы қолдайтын өзін-өзі ұсынушы ретінде қарастыратынын жазды.

Путинмен тікелей эфирдегі үлкен баспасөз мәслихаты 14 желтоқсанда өтеді деп хабарланған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16