Маусым айында 557,3 мың отбасыға 34,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 545,7 мың отбасы жалпы сомасы 205,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде маусым айында 557,3 мың отбасыға 34,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл туралы Sarbaz.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады», - делінген министрлік хабарламасында.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:
Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтеміз.