«Астана» өңірлік қолбасшылығында жас сарбаздар алғаш рет оқ атып үйренді

Жас сарбаздар алдымен техника қауіпсіздігі ережелерімен танысты

Sarbaz.kz редакторы
17/11/2023 - 16:13

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жас сарбаз толқыны алғашқы атыс шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.

Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атты. Жас сарбаздар белгіленген нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында жас сарбаздар жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.

Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар, олардың бірі – жас сарбаз Диорбек Мейрахметов 90 ұпай жинады.

Жалпы жауынгерлік оқ ату жаттығулары жас сарбаздардың атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды.

Жас сарбаздардың атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Жәнібек Мамбетов өзі бақылады.

«Сынақ атыс дайындығында шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз.

Жас сарбаз жеке құрамы осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін», – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген командир.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91