Қазақстанда жыл сайын екі мыңға жуық көлік өртенеді

Көлік құралдарының өртену себептері айтылды

Sarbaz.kz редакторы
16/11/2023 - 23:31

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Елімізде жыл сайын орташа есеппен 2 мыңға жуық көліктен өрт шығады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тек 2023 жылдың 10 айында көліктерде 1 811 өрт орын алды. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 14%-ға азайды (2022 ж. – 2 118). ҚР ТЖМ хабарлауынша бұл өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікте, бұл 1 392 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 77%.

Көлік құралдарындағы өрттердің жалпы санының 15-20%-ын құрайды және соңғы жылдары ішінде тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.

Көлік құралдарының өртену себептері:

  • автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
  • қолдан жасалған  газ жабдығын орнату;
  • отын және электр жүйесінің істен шығуы;
  • қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;
  • қасақана өртеу.

Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргішті ұстауды ұсынамыз.

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73