245 млн теңгеден астам шығын келтірген: Астанада қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды

Үкім күшіне енді

Sarbaz.kz редакторы
16/11/2023 - 20:46

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Астанада Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Antares» қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемені ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды.

«Кінәлілер «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген. 33 адам пирамидаға 245 миллион теңгеден астам салған», - делінген хабарламада.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Үкім күшіне енді.

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73