Қытайда көмір шахтасы өртеніп, 25 адам қаза болды

Компанияда 1200-ден астам адам жұмыс істейді

Sarbaz.kz редакторы
16/11/2023 - 22:12

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қытайдың Шаньси провинциясының Люлян қаласында жергілікті көмір компаниясына тиесілі ғимарат өртеніп, 25 адам өрттің құрбаны болды, деп хабарлады Sarbaz.kz.

Қытайдың Орталық теледидары таратқан хабарламаға сәйкес, өрт төрт қабатты Shanxi luliang lishi District yongju Coal Industry Co, Ltd. әкімшілік ғимаратында болды. Көмір шахтасының жобалық қуаты жылына – 1,2 млн тонна. Ол 2008 жылы құрылған, компанияда 1200-ден астам адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

Айта кетейік, 28 қазан күні таңертең Қазақстандағы Костенко атындағы шахтада 700 м тереңдікте өрт шығып, одан кейін метан жарылған. Оқиға кезінде ауысымда 252 шахтер болып, 206 адам жер бетіне шығарылды. Қайғылы оқиға салдарынан 46 адам қаза тапқан еді.

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73