Еуропа одағы Украинаға уәде берген 1 млн снарядты жеткізбеуі мүмкін

Биыл наурыз айында Еуропа одағына мүше елдер артиллериялық снаряд жеткізуге келіскен

Sarbaz.kz редакторы
16/11/2023 - 20:16

Еуропа одағы Украинаға 1 миллион артиллериялық снаряд жеткізу туралы уәдесінің орындалуы екіталай. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропа одағы Украинаға снаряд жеткізбеуі мүмкін екені туралы Германияның қорғаныс министрі мәлімдеді.

«1 миллион снарядқа жетпейміз деп болжауға болады», - деді Борис Писториус Брюссельде Еуропалық одақтың қорғаныс министрлерінің кездесуінің алдында. Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер өндірісті ұлғайту үшін өнеркәсіппен жұмыс істеп жатыр, деп қосты ол.

Биыл наурыз айында Еуропа одағына мүше елдер Украинаға 12 ай ішінде 1 миллион артиллериялық снаряд жеткізуге келіскен.

Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Джозеп Боррельдің айтуынша, қысқа мерзімде әскерлерден шамамен 300 000 оқ дәріні қорлардан беруге болады.

Боррелль өндіріс саласында бірнеше келісімшарт жасалғанын, бірақ бұл зауыттардың оқ-дәрілерді қаншалықты тез шығара алатындығына байланысты екенін айтты.

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02