Президент Қазақстан халқын арнайы құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.