Атырау облысында заңсыз көші-қон жолы анықталды

Әзірге ешкім ұсталған жоқ

Sarbaz.kz редакторы
20/07/2023 - 16:10

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

2023 жылғы 17 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру). Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді.

Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді.

Ешкім де ұсталмады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91