Жаңа банкнот сериясы өндірілген кезде айналымға түседі
Елімізде жаңа дизайнда айналымға шыққан теңгелердің кескін-келбеті таныстырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000, 20 000 теңгелердің дизайны өзгерген.
Жаңа банкнот сериясы өндірілген кезде айналымға түседі. Номиналы 5 000 теңге болатын жаңартылған дизайнның алғашқы банкноты осы жылдың соңына дейін қолжетімді болады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноттардың дизайны жалған ақша жасаудың алдын алу және қорғаудың жетілдірілген дәрежелерін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.
Сондай-ақ, жаңа дизайнда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды элемент болған.
«Ұлттық Банк банкноталардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа серия «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын бейнелейді. Шығарылым теңгенің қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.