Мемлекеттік авиацияның ұшуын медициналық қамтамасыз ету ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Бұйрық жобасының толық мәтінін оқып шығуға болады

Sarbaz.kz редакторы
14/11/2023 - 23:36

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Нормативтік құқықтық акті жобасында қағидалардың 7-тармағындағы «авиациялық персонал» ұғымы кеңейтілді. Жаңа редакцияда денсаулық жағдайы бойынша талаптар қойылатын ұшу-көтерілу құрамы мен авиациялық персоналдың аражігін ажырату енгізіледі.

НҚА-да авиациялық персоналдың әртүрлі санаттары үшін мерзімді медициналық тексеруден өту мерзімдері мен көлемі, диагностикалық зерттеулердің тізбесі айқындалады. Мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын динамикалық байқау жоспарының, авиациялық персоналдың медициналық кітапшасының және оған қосымша беттің нысандары бекітіледі.

Аурулар мен алған жарақаттардан кейін қалпына келтіру бойынша кәсіби қызметке жіберудің болжамды мерзімдері барлық авиациялық персонал үшін емес, ұшу құрамы мен парашютшілер үшін ғана айқындалады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 24 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4