Алматыда дәретханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды

Былтыр тамыз айында полицейлер дәретхана шұңқырынан шығарып, сәбиді аман алып қалған

Sarbaz.kz редакторы
14/11/2023 - 21:49
124

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Алматыда әжетханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Баланы асырап алғандар ұзақ жыл некеде тұрып, балалы болмаған. Отбасы нәрестені балалар үйінің базасынан көріп, басқа қаладан арнайы келіп алып кеткен.

Айта кетейік, былтыр тамыз айында полиция қызметкерлері дәретхана шұңқырынан шығарып, сәбиді аман алып қалған еді. Артынша 17 жастағы кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны анықталған. Сот үкімімен кәмелетке толмаған ана кінәлі деп танылып, 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған болатын.

«Көп жылдар бойы олардың балалары жоқ. 2021 жылы ата-аналар асырау мектебінен өтіп, 2023 жылы келіп, баланы ұнатып, басқа қалаға алып кетті. Ол бала асырап алынғаннан кейін алты ай біздің бақылауымызда болады», - деді қалалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Айдар Маметов.

×

Редакция

$ 443.85  474.3  4.8