Шымкентте арнайы операция жүргізілді: 10 адам ұсталды

Олардың басым бөлігі бұрын-соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Sarbaz.kz редакторы
14/11/2023 - 20:12

Шымкентте бопсалаушылар тобы қамауға алынды. Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың көлігін заңсыз иемденіп алған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын-соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған.

Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22