17 250 тг – қыста жаздық дөңгелекпен жүргені үшін салынатын айыппұл

Заңбұзушылық қайта жасалса, айыппұл екі есе артады

Sarbaz.kz редакторы
14/11/2023 - 16:23
257

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда көлік жүргізушілері қыстыгүні жаздық дөңгелекпен жүргені үшін қанша көлемде айыппұл арқалауы мүмкін? Бұл сауалға Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс. Бұл міндеті. Себебі техникалық регламент талабы осындай. Бұл талап орындалмаған жағдайда тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Полиция өкілінің айтуынша бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері – 5 АЕК (17 250 тг), ал бір жыл ішінде заңбұзушылық қайта жасалса, онда айыппұл екі есеге, яғни 10 АЕК-ке (34 500 тг) дейін артады.

«Қыс мезгілі жақындап қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін еліміздегі көліктердің бәрі қысқы дөңгелекке ауысуы керек. Бұл – қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі – жүргізушілер қыс мезгіліне дайын емес», – дейді Салтанат Әзірбек.

Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды.

Айта кетейік, елімізде әскери техника мен қару-жарақты қысқы кезеңге өткізу науқаны жүргізілген болатын.

×

Редакция

$ 443.85  474.3  4.8