Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі көз жұмды

Қайғылы оқиға 12 қарашада болды

Админ
13/11/2023 - 23:27

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің қаза болу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«6637 әскери бөлімінің (Петропавл) келісімшарты бойынша әскери қызметшісі әріптесінің кездейсоқ атып алуынан жарақат алды. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, алайда әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 12 қарашада болды. Тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, өткен айда басына оқ атып алған Ұлттық ұлан сарбазы оқыс жағдайда көз жұмған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17