Қазақстан халқының саны 20 млн-ға жақындап қалды

Елдегі әйелдер саны ерлер санынан басым

Sarbaz.kz редакторы
13/11/2023 - 20:51

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жақындап келеді. Бұл туралы Sarbaz.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сәйкес, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 967 964 адамды құрайды. Оның 12 387 957-сі қаланың (62 пайыз) және 7 580 007-сі ауылдың тұрғындарына (38 пайыз) тиесілі.

Сонымен қатар, елдегі әйелдер саны ерлер санынан басым. Нәзік жандылар үлесі – 51,2 пайыз, ер адамдар – 48,8 пайыз. Сәйкесінше 10 217 317 әйел және 9 750 647 ер адам.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85