Болат Назарбаев аурухана төсегінде қайтыс болды – БАҚ

Оған көмей обыры диагнозы қойылғаны хабарланған

Sarbaz.kz редакторы
13/11/2023 - 16:38

БАҚ беттерінде Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ratel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«13 қараша күні сағат 9:28-де жүрек соғысы тоқтады (асистолия). 23 минут ішінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар тиімсіз болып шықты», - деп хабарлайды дереккөз.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Ол Шамалғандағы ауыл шаруашылығы техникумын «механик» мамандығы бойынша және Қарағандыдағы заң институтын «құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Шамалған совхозында механик, директордың орынбасары болып жұмыс істеді, ұсақ мал терісін сату саласында кәсіпкерлік қызмет атқарды, «Инкар Агро» ЖШС вице-президенті болды.

2016 жылы Назарбаев «Саликалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевта пневмония, тромбоз болғаны және оған қант диабетінен асқынған көмей обыры диагнозы қойылғаны хабарланған.

4 қарашада БАҚ беттерінде Болат Назарбаевтың ауыр жағдайда екені туралы тағы да ақпарат тарады. Тұңғыш Президенттің інісі қайтадан инфарктпен ауруханаға жатқызылғаны, оның жағдайы ауыр және тұрақсыз екені айтылған еді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41