Шымкентте скутер тізгіндеген жасөспірім опат болды

Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды

Админ
11/11/2023 - 18:13

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 

Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17