АҚШ тұрғындарының сыртқы саясат мәселелері бойынша Трампқа сенімі артты

Сауалнамаға қатысушылардың 43 пайызы Трамп Палестина-Израиль қақтығысын шешуге қауқарлы десе, 33 пайызы бұл түйткілдің түйінін тарқату Байденнің қолында деп санайды

Sarbaz.kz редакторы
10/11/2023 - 21:31

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

АҚШ сайлаушылары бұрынғы президент Дональд Трампқа Украинамен, Израильмен және Қытаймен мәселелерді шешуде президент Джо Байденге қарағанда көбірек сенеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bloomberg News және Morning Consult сауалнамасының деректеріне сілтеме жасап.

Осылайша, респонденттердің 46 пайызы Трампқа АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас орнату мәселесінде сенетіндерін білдірсе, оның қарсыласы Байден бұл мәселеде 34% сенімге ие болды.

Ал сауалнамаға қатысқандардың 20 %-ы Қытайға қатысты сыртқы саясатты жүргізуде олардың ешқайсысына сенбейтіндіктерін жеткізді.

Сонымен қатар респонденттердің 45%-ы Трампқа Украинадағы жағдайды шешуге сеніп тапсыруға дайын болса, бұл мәселе бойынша Байден тағы да 34% еншіледі. Бірақ сауалнамаға қатысқандардың 21%-ы бұл мәселені шешуге үміткерлердің ешқайсысына сенбейтін болып шықты.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылардың 43 пайызы Трамп Палестина-Израиль қақтығысын шешуге қауқарлы десе, 33 пайызы бұл түйткілдің түйінін тарқату Байденнің қолында деп пайымдайды.

Алайда респонденттердің 24%-ы Таяу Шығыстағы қақтығысты шешуде Трамп та, Байден де дәрменсіз деп санайды.

Bloomberg News және Morning Consult сауалнамасына жеті штатта тіркелген 4 922 сайлаушы қатысқан. Сауалнама 30 қазаннан 7 қарашаға дейін онлайн режимде жүргізілген.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16