Осыған дейін 92 қызметкер жанжал аймағында қаза тапқаны хабарланған
Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру бойынша БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің (UNRWA) кем дегенде 99 қызметкері қақтығыс аймағында қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Қазіргі уақытта осы қақтығыс кезінде UNRWA-ның 99 қызметкері қаза тапты», - деді Дюжаррик журналистерге арналған брифингте.
Осыған дейін Дүниежүзілік ұйымның 92 қызметкерінің жанжал аймағында қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
«Бұл қақтығыс аяқталған кезде жауаптыларды табу қажет болады. Біз қызметкерлердің қаза болуына байланысты БҰҰ-ның тиісті рәсімдерін ұстанатын боламыз», - деді ол.