Елімізде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арнап жаңа киім үлгісі әзірленеді

Министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылады

Ұлас Үсенбай
19/07/2023 - 17:15

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен аппараттық кеңесте ведомство басшысы Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылады. Олар осы бағыттағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді де зерттейтін болады. Ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөнінде қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың барлық ұсынысы ескеріледі.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы көбінесе жеке құрам үшін қиын, әрі күрделі түрде өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы да, функционалды да болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндетін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек», - деп С.Шәріпханов атап өтті.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07