Зардаптарды жою үшін кемеге кран тартылып, бон тосқауылдары қойылды
SCALP-EG/Storm Shadow қанатты зымырандарының Керчь кеме жасау зауытына жасалған соққының салдары түсірілген жаңа спутниктік суреті жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Спутниктік суреткен қарағанда, шабуыл кезінде болған 22800 «Каракурт» жобасының шағын зымыран кемесі бортқа тікелей соққы жасаған.
Зардаптарды жою үшін кемеге кран тартылып, бон тосқауылдары қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қырым түбегіне зымыран соққысы туралы хабарламалар 4 қарашада жарияланды.
Ресейдің қорғаныс министрлігі әуе қорғанысы құралдарымен «15 қанатты зымыранның 13-і атып түсірілді. Қанатты зымыранның соққысы кесірінен зауытта болған кемеге зақым келді», деп хабарлаған.