ҚР ҰҚК: Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырғандар 20 жылға сотталуы мүмкін

2023 жылғы 12 және 14 шілдеде 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлар анықталды

Sarbaz.kz редакторы
19/07/2023 - 15:50

Фото: ҚР ҰҚК

Фото: ҚР ҰҚК

2023 жылғы 12 және 14 шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген іс-шаралар нәтижесінде 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

10 келіден аса «мефедрон» синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар  анықталып, тәркіленді.

«Есірткі әзірлеу үстінде республикамыздың 4 азаматы ұсталып, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҰҚК биыл жыл басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арналарын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорларды тәркіледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Есірткі және психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына, сатылуына, сақталуына, әзірленуіне, өсірілуіне, өңделуіне және сатып алынуына қатысы бар қылмыстар заң талаптарына сай 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91