Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жол апатынан 3 адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні сағат 11.20 шамасында «Өскемен-Рахман қайнары» тасжолының 110-шақырымында болған.
«Тойота Камри» және «Митсубиси» маркалы автокөліктер соқтығысты.
Салдарынан үш жолаушы сол жерде мерт болды.
Тағы үш адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - дейді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.