Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ескерту жасады

Админ
04/11/2023 - 20:34

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа-райы болжамымен танысуды және қыста алыс жолға шықпас бұрын SMS ескертулерді қадағалауды сұрады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әр көлікте төтенше жағдайда қажет заттар болуы ұсынылады:
дәнекерлеу шамы,
сымарқан,
доңғалақ тізбектері,
күрек,
парафинді шамдар,
сонымен қатар жылы киім, қажет заттар, азық-түлік пен су қоры.

Қатты аяз немесе қар жауған кезде жолда болсаңыз, бірнеше автомобилмен топтасып жүру керек. Себебі бұзылған жағдайда бағандағы жүргізушілер көмекке келе алады", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17