Президент: Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі өте маңызды

«Оның бәрі түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді»

Sarbaz.kz редакторы
03/11/2023 - 22:35

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде түркі елдерінің ынтымағы жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да, тілек бір, бармақ басқа болса да білек бір» деген. Біздің түркі елдерінің ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыздың айқын көрінісі.

Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», - дейді Тоқаев.

Айта кетейік, саммит отырысында Мемлекет басшысы халықаралық ахуал тұрақсыз болып отырғанын айрықша айтып өткен болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4