Астанада жыл басынан бері 160-қа жуық жер үйден өрт шығып, 3 адам қаза тапты

Ондаған адам жараланған

Sarbaz.kz редакторы
03/11/2023 - 21:45

Көрекі фото ашық дереккөзден

Көрекі фото ашық дереккөзден

Астанада жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Қауіпсіз жанұя» ауқымды акциясы өтіп жатыр. Құтқарушылар, еріктілер, полицейлер, жергілікті атқарушы органның және әлеуметтік қорғау саласының өкілдері жер үйлерді аралап, түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық ТЖД жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алуға бағытталған жұмысты тұрақты негізде жүргізеді. Аралау нәтижесінде тұрғын үйлердегі жылу жүйесіндегі, электр желілері мен жабдықтардағы кемшіліктер анықталады.

«Осындай кемшіліктерге байланысты өрттер мен адамдардың өміріне қауіп төнеді. Астанада жыл басынан бері жеке үйлерде 159 өрт болып, 3 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды. Елорда әкімдігінің қолдауымен біз жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында акция өткіземіз. Аяз басталғанға дейін жеке үйлерде тұратын қала тұрғындарымен профилактикалық жұмыстарды барынша жүргізу үшін үш күндік курстан өттік», - деді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова.

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73