Командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр
Елімізде «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
ҚР ТЖМ мәліметіне жүгінсек, 2 қарашада басшылық штабы Қызылорда облысында орналасқан «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталған.
Оқу-жаттығу жетекшісі – ҚР ТЖ вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов. Жаттығу 3 қарашаға дейін жалғасады.
РКШУ еліміздің 11 өңірінде өтіп жатыр.
Зымыран бөліктерінің апатты жағдайда құлауының салдарын жою бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар пысықталды.