Елімізде алдағы күндері ауа райы -15 градусқа дейін төмендейді

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
03/11/2023 - 18:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан аумағы арқылы Атлантикалық циклон өтетін болады. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады.

«4 қараша күні циклонның соңынан батыстан антициклон жылжиды, сол себептен түстен кейін жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 аязға дейін, күндіз 3 аяз-8 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 2 аяз - 5 жылы, таулы аймақтарда 5-10 аяз, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендейді. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанып отыр», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Тегтер

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81