Израиль мен ХАМАС қақтығысы қалай шешілуі керек? ҚР СІМ шешім жолын айтты

Ол гуманитарлық көмек көрсету мәселесін де қозғап өтті

Sarbaz.kz редакторы
03/11/2023 - 17:53

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің айтуынша Газа халқы үшін гуманитарлық дәліздерді ашу – қазақстандық дипломатияның бірінші кезектегі міндеті болып отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Елдеріміз бен халықтарымыздың тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз еткіміз келсе, қазіргі геосаяси турбуленттілік пен экономикалық сын-қатер бізден ТМҰ шеңберінде келісілген күш-жігерді талап етеді. Сондықтан еліміз Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылықтың ушығуына қатты алаңдайды. Біз халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа қосыламыз және Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты дереу тоқтатуға шақырамыз», - деді М. Нұртілеу Түркі мемлекеттері ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында.

Министрдің айтуынша, Газа халқы үшін гуманитарлық дәліз ашу – қазақстандық дипломатияның бірінші кезектегі міндеті, ол қандай да бір алдын ала шартсыз орындалуға тиіс.

«Қақтығыс тараптары Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін бейбіт келіссөзге назар аударып, БҰҰ-ның тиісті қарарларына сәйкес «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласын қолдауы керек. Шынында да, қазіргі жағдай бұрын-соңды болмаған және оны еш болжау мүмкін емес. Осыған қарамастан Қазақстан БҰҰ Жарғысында және халықаралық құқықта бекітілген құндылықтар мен қағидаттарды берік ұстанып, теңгерімді, көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуді жалғастыра береді», - деді Мұрат Нұртілеу.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85