Қорғаныс министрінің орынбасары Иран елшісімен хаттамалық кездесу өткізді
Қорғаныс министрлігінде министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джокармен хаттамалық кездесуі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.