Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды
Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Ильхам Әлиев 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады», – делінген хабарламада.
Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
Айта кетейік, саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.