Өңір әкімі оларға көмек көрсетілетінін мәлім етті
Павлодар облысында дала өртінен Әлкей Марғұлан ауылында 73 бас ұсақ мал жанып кетті. Бұл туралы өңір әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Кеше дала өрттері болған Баянауыл, Май аудандары және Екібастұздың ауылдық аймақтарына бардым. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, мәселелерді шешу жолын бірлесіп талқыладық», - деп жазады облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Іnstagram парақшасында.
Әкімнің мәліметіне сай, шаруаларға 4 бағытта көмек көрсетіледі:
«Сондай-ақ, өрт салдарынан 73 бас ұсақ мал (50 ешкі және 23 қой) жанып кеткен Әлкей Марғұлан ауылының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен материалдық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, жазғы үйі мен малға арналған қоршауы зардап шеккен екі шаруашылыққа да дәл осындай көмек көрсетіледі», - деп мәлім етті Асайын Байханов.