Қаржы пирамидасы үш облыста 400-ден аса адамнан 500 млн теңгеге жуық ақша алған

Іс сотқа жіберілді

Sarbaz.kz редакторы
01/11/2023 - 16:16

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі БҚО бойынша департаменті Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі аяқтап, сотқа жіберді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Бұл ретте,Chia Tai Tianging Pharmaceutical жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген.

«Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам, 523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды.

Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз», - дейді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41