Қорғаныс министрлігі: Жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларына өзгеріс енгізіледі

Жаңартылған НҚА жобасы ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді

Sarbaz.kz редакторы
01/11/2023 - 15:58

Қорғаныс министрлігі «Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

НҚА мониторингі қағидалардың 7-тармағында «Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығына сілтеме бар екенін анықтады.

2022 жылғы 3 маусымда ауыл шаруашылығы министрінің «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» № 180 бұйрығы қабылданды, бұл жоғарыда аталған НҚА күшінің жойылуына әкелді.

Жаңартылған НҚА жобасы ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 14 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14772254 сілтеме бойынша танысуға болады.

×

Редакция

$ 486.65  524.46  5.05