Армия рейтингі: Қазақстан БАӘ-ні артта қалдырып, Өзбекстанға жол берді

Әскері ең мықты елдер – АҚШ, Ресей және Қытай

Админ
31/10/2023 - 01:26

Армия рейтингі бойынша Қазақстан 87 ел арасында 19-орынды иеленді. Зерттеуді штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан, тұтынушыларға, бизнес көшбасшыларына және саясаткерлерге маңызды шешімдер қабылдауға көмек көрсетуге арналған News & World Report көп салалы цифрлық медиа компаниясы жүргізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг әлемнің 36 елінде 17 мыңнан аса адам арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалды. Барлық елдер жеке жауаптар негізінде 73 өлшем бойынша бағаланды.

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Өзбекстан мен БАӘ арасына жайғасты. Біріккен Араб Әмірліктерін артта қалдырса, Өзбекстанға жол берді.

Ең мықты армиясы бар 10 елдің қатарына АҚШ, Ресей Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина, Иран, Ұлыбритания, Германия және Түркия кірді.

Ал ең әлсіз армиялар Люксембург, Сингапур және Эстония Қарулы күштері деп танылды.

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17