Үндістанның Қарулы Күштерінің әлеуеті қандай?

2010 жылдан бастап Ресей Үндістанға жетекші қару-жарақ жеткізушісі болып саналады

Ұлас Үсенбай
18/07/2023 - 18:55

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қарсыластарынан саны, техникасы және қаржысы жағынан асып түсетін елдерді қамтитын әлемдегі ең қуатты армиялардың рейтингінде Үндістанның қарулы күштері төртінші орында тұр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Aussiedlerbote.de басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық саны бойынша Үндістан Қытайдан қалып қойғанымен, сарапшылардың пікірінше, Үндістанда әскерге пайдалануға болатын адамдар көп. Әскерге азаматтарлы жұмылдыру резерві бойынша Үндістан алғашқы үштікке кіреді. Ресми деректерге сенсек, үнді әскерінің қатарында 1,4 млн сарбаз қызмет етеді және 1,155 миллион резервші бар

Әскери қызметкерлерінің саны жөнінен бұл Азияда Қытайдан кейінгі екінші орында тұрған қарулы күш болып саналады. Үндістанның ең мықты деп саналатын дивизиясы аса екпінді 4 корпусқа бөлінген, оның үшеуі Пәкістанмен шекаралас тұста, біреуі Қытаймен шекаралас жерде орналасқан.

Үндістанның қарулы күшінің қатарында екі теңіз десанты бригадасы мен 340 жаяу әскер бригадасы, үш десант батальоны мен арнайы жасақталған сегіз бригада бар. Соңғы он жылда Үндістан әскерінің қарулары айтарлықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай өзгеріпті. Бұл елдің қарулы күшінің негізін «Arjun» танкісі, ресейлік «Т-90» танкісі, америкалық «AH-64 Apache» тікұшағы және Су-30МКИ жойғыш ұшағы сынды әскери техникалар құрайды.

Қару-жарақты сатып алу бойынша Үндістанда артықшылық бар. Үндістан АҚШ, Ресей және НАТО елдерінен еш кедергісіз қару алып келеді. Соғыс жағдайында Үндістан қуатты Батыс елдерінің қаруын иемдене алады.

Үндістан – ядролық әлеуеті бар ел, үнемі өзінің әскери қуатын арттыруда. Соңғы жылдары Үндістанда экономика және өзінің әскери-өнеркәсіптік кешені дамып келеді.

Үндістан қарулы күштерінің инвентаризациясы негізінен ресейлік өндіріс техникасынан, сондай-ақ батыстық және отандық өндірістің қаруларынан тұрады. 2010 жылдан бастап Ресей Үндістанға жетекші қару-жарақ жеткізушісі болып саналады. Басқа ірі жеткізушілер – Франция, Израиль, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттері.

Құрлық әскерлері: танктер – 4 614; бронды машиналар – 12 000; өздігінен жүретін артиллерия − 100; сүйретілетін артиллерия – 3 311; зымыран кешендері – 1 338.

Әскери-теңіз күштері: тасымалдаушылар − 1; жойғыштар – 10; корветтер – 22; сүңгуір қайықтар – 17; патрульдік кемелер − 128; фрегаттар – 13.

Авиация: истребительдер: тосқауылдар − 564; штурмовиктер − 130; көлік ұшақтары − 253; оқу-жаттығу ұшақтары − 353; арнайы мақсаттағы ұшақтар − 71; әуе жанармай құюшылар − 6; тікұшақтар − 805; соққы беретін тікұшақтар − 37.

Үндістанның қорғаныс бюджеті 73 млрд долларды құрайды және оның қорғаныс өнеркәсібі ішкі пайдалану үшін де, экспорт үшін де әуе, жер үсті, зымыран және теңіз қару-жарақ жүйелерін шығаруға қабілетті. Үндістан 2023-2024 жылы қорғанысқа 5,94 триллион рупий (72,6 миллиард доллар) бөлуді ұсынды, бұл осы секторға жоспарланған шығындардан 13 пайызға жоғары.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91