Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жалғасуда.
Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда. Сондай-ақ қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ, - делінген ТЖМ баспасөз мәлімдемесінде.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.