Шахтадағы апат: 36 адамның денесі табылды

Админ
29/10/2023 - 16:34

29 қазан, сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша Костенко шахтасындағы апаттан 36 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 10 кеншіні іздеу жалғасуда, - делінген ТЖМ мәліметінде.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.

Газ жағдайын бақылау жалғасуда.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4