Президент тапсырмасы: орманшылардың жалақасына 100% үстемеақы қосылады

Хабарлама Үкімет сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
18/07/2023 - 15:43

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген.

«Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Жалпы, осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді», - делінген Үкімет хабарламасында.

Еске сала кетейік, Абай облысындағы орман өртінен 15 адам қаза тапқан болатын. Осыдан кейін Президент орманшылардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін тиісті тапсырмалар берген еді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85